Біздің команда

  • 0001
  • 001
  • 002
  • 003
  • 004
  • 005
  • 006
  • 007
  • 008
  • 009
  • 010
  • 011

Кәсіпқой мамандардың командасы – әрбір құрылыс компаниясының табыс кепілі

«МұнайҚұрылысСервис» ЖШС компаниясының әрбір жобасының табысының артында көп мыңдық кәсіпқой мамандардың командасы тұр, ол құрылыстың ең жоғары сапасының жетістігіне бірыңғай ұмтылыста жылдар бойы қалыптасты.

Қолданылатын сапа менеджментінің жүйесі өндірістік-техникалық, коммерциялық және құрылыс-монтаж қызметінің үрдісін тиімді және оңтайлы басқаруға жағдай туғызады.

Компанияда 2000 аса жоғары білікті мамандар жұмыс істейді. Жұмыскерлердің көп бөлігін бетоншылар, қалыпшылар, монтажшылар, дәнекерлеушілер және басқа мамандар құрайды. Жобалар бойынша жұмысты тікелей орындайтын жұмыс топтары — біздің қызметіміздің негізгі қозғаушы күші.

Әкімшілік-басқарушы персонал және инженерлік-техникалық қызметкерлер білім жетілдіру курстарында әрдайым оқудан өтеді.

Бухгалтерлік және экономикалық бөлімнің болуы анализ жасауға, компанияның түрлі экономикалық есептерін жасауға, қалалық құрылымдар немесе ірі компаниялар үшін құрылыс және басқа жұмыстар бойынша шарттарды жасау құқығына конкурстарға қатысуға мүмкіндік береді.

ЖТБ бөлімшесінің негізгі міндеті — жобалық жұмыстардың орындалуын, жабдақтауды және жинақтауды координациялау, жобаларды келістіру және орындалған нысандарды эксплуатацияға тапсыру. ҚШБ бөлімшесі шарттарды жасаумен және қолдаумен, сметаларды құрастырумен, техникалық қамсыздандырумен, өткізілетін жұмыстарды заңды сүйемелдеумен айналысады.

Біздің компаниямыздың мамандарының жоғары білікті командасы құрылыс-монтаждық және жөндеу жұмыстарын сапалы және белгіленген мерзімде орындайды. Кез-келген күрделі жер, бетон, монтаж-дәнекерлеу жұмыстарын тәжірибелі персонал компанияның заманауи жабдығы мен техникасында жүзеге асырады. Қауіпсіздік техникасын сақтау техниканы, жүргізуші операторларды және қызмет көрсету персоналын тәртіпте сақтауды қамтамасыз етеді.

Компанияның мамандары сапаға және құрылыстың бүкіл кезеңдерінде - құрылыс алаңын дайындау сәтінен бастап жұмыстардың аяқталуына дейін барлық технологиялық нормалардың сақталуына кепілдік береді. Жұмыстардың орындалуын бақылау қолданыстағы барлық нормалардың (МЕМСТ және ҚНжЕ) сақталуымен жүргізіледі.